Жастар күніне және нашақорлықтың алдын алу мақсатында қала жастары «Fitness body club» ұйымдастыруымен эстафеталық сайыс өтті.
Сайыста командалар әртүрлі кезең бойынша жарысып, жеңімпаз командалар ақшалай сыйлықпен марапатталды.
Спорт — қоғамдағы жалпы мәдениеттің бір бөлігі, адамның дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеметтік қызметтің бір саласы. Онымен тұрақты шұғылданған адамның денсаулығы мықты, зор болмақ. Бірінші байлық — денсаулық, ал сол денсаулықтың кепілі — спорт.