Мемлекеттік органдар мен мешіттер арасындағы рухани-ағартушылық, сондай-ақ, әлеуметтік саладағы ынтымақтастықты барынша нығайта түсу – уақыт талабы.
Осы мақсатта Қаражал қаласы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Ақжол Құрмансейіт қаладағы «Нұр» мешітінің наиб-имамы Ахан Қайратұлы және Жәйрем кенті мешітінің бас имамы Марғұлан Балтабайұлымен кездесіп, өңірдегі діни ахуал төңірегінде келелі әңгіме қозғады.
Кездесу барысында өңірдегі діни ахуалға күнделікті мониторинг жүргізу, теріс ағымдардың жағымсыз әрекеттерінің алдын алу, бұқара қауыммен, әсіресе, жастармен мақсатты жұмыс жүргізу бағытындағы бірлескен шараларды одан әрі шират түсу сияқты өзекті мәселелер талқыланып, алдағы жұмыс жоспарлары пысықталды.
Орайы келіп тұрғанда қаланы қалыптастырушы кәсіпорын мен кәсіпкерлер тарапынан мешіт имамдарының еңбекақысына үстеме ақы төлеу, жылыту маусымында көмір бөлу, электр шығындарын өтеу және мешіттерді күтіп ұстауға байланысты нақты қолдау шаралары тұрақты негізде жолға қойылғанын атап өткен жөн.
Өз тілшімізден.