Бұл туралы Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ өткізген аппарат жиынында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Жомарт БЕГАЕВТЫҢ есеп беруі барысында мәлім болды
Жиында аймақ басшысы халықтың сұранысын қанағаттандыру және облыста туристік кластерді дамыту мақсатында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп, «Жезқазған-Шымкент» бағыты бойынша жаңа әуе қатынасын іске қосу мәселесін пысықтауды тапсырды. Сондай-ақ, «Тальго» жолаушылар пойызының қозғалу уақытын тұрғындар үшін ыңғайлы мерзімге қою жайын қарастыруды міндеттеді.
Кеңесте өңірішілік жолаушылар тасымалдауды жетілдіру жайы да сөз болды. Аймақ басшысы соның аясында «Жезқазған-Сарысу» және «Жезқазған-Қаражал-Жаңаарқа» бағыттарында автобус қатынасын енгізу талабын қойды.