Мемлекеттік қызмет аса жауапкершілікті талап ететін, мазасыз жұмыс деп жатамыз. Мемлекеттік қызметкер десе, қабағын түйген, үнемі қолы тимейтін көңілсіз адамдарды елестететініміз де өтірік емес. Алайда, әкімдік пен оның төңірегінде жүрген жандар атақ-мансап жолында жалқы соқпақпен жүреді деген пікірден аулақ болған жөн.
Осы орайда, мемлекеттік қызметкерлердің қат-қат құжаттар мен қаламнан қолын бір сәт босатып, өзін-өзі рухани байытып, жан-дүниесін сергіту мақсатында Фарида Жұманқызының ұйытқы болуымен Қаражал қалалық мәдени-сауық орталығында Қаражал қалалық мәслихат аппараты мен Қаражал қалалық жастар ресурстық орталығы ұжымы арасында «Ойлы болсаң, озып көр…» интеллектуалдық ойыны өтті.
Тартысты сайыста Қаражал қалалық мәслихаты аппараты қызметкерлері басым түсіп, жеңімпаз атанды.
Қатысушыларға арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
Балшырын АМАНТАЙ