Жуырда Қаражал қаласы прокуратурасының прокурорлары Ж.Шокаева жәнемен Б.Ділдабекұлы елмен жүздесіп, құқық бұзушылық және қылмыстың алдын алу шаралары жайлы келелі әңгіме қозғады.
Кездесуге негізінен қала мектептерінің 9-11 сынып оқушыларының ата-аналары, сынып жетекшілері, қалалық полиция басқармасы қызметкерлері мен жергілікті әкімдік өкілдері қатысты.
Алқалы жиында спикерлер кәмелетке толмаған балалардың арасында құқық бұзушылықтың жиі орын алатынын және осы тұрғыдан болдатын қылмыстардың алдын алуға байланысты әңгіме қозғады. Прокуратура қызметкерлері ата-аналарға кәмелетке толмаған балаларының құқық бұзушылықтарға жол бермеуін, олардың түнгі уақыттарда ата-аналарысыз және заңды өкілдерінсіз жүрмеулерін, әлеуметтік желілерде бейсауат отырмауларын қадағалау қажеттігін ерекше атап көрсетті.
Кездесуде сондай-ақ, интернет алаяқтықтарынан сақтану, жол-көлік қауіпсіздіктерін қатаң сақтау туралы да сөз болды.
Жиында ата-аналар мен сынып жетекшілері күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты өздерін толғандырған сауалдарын да қойды. Прокуратура қызметкерлері ол сұрақтарға барынша нақты әрі тұшымды жауаптар берді. Осындай кездесу, жиналыстар алдағы уақытта да өткізілетіндігі айтылды.
Өз тілшімізден.