Жәйрем кентіне – 50 жыл. Осыған орай кенттің орталық алаңында ұйымдастырылған салтанатты кешке Берік Әбдіғалиұлы қатысты. Өндірісті өңір халқын айтулы күнмен құттықтап, елеулі еңбегімен ерекшеленген ардагерлер мен өндіріс озаттарына құрмет грамотасын табыстады. Жәйремде қолға алынған және алдағы жылдары жүзеге асатын ілкімді жобаларды тілге тиек етіп, қазыналы өңірдің аймақ дамуына болашақта да сүбелі үлес қосатын айтулы елдімекен болатынын мәлімдеді. Бұл күні кенттің 50 жылдығына орай мерекелік концерт, спорттық шаралар мен аламан бәйге ұйымдастырылды.