«Ұлытау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары лауазымына Алмат ЖӨКЕБАЕВ тағайындалды.
Алмат Отаубайұлы – 38 жаста. Ұлытау ауданы, Шеңбер ауылдық оругінің (Қорғасын ауылы) тумасы.
3 жоғары білімі бар – Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін, Қазақ жол қатынастары университетін, М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін тәмамдаған. Біліктілігі – заңгер, экономист, бизнес пен мемлекеттің қатынасын басқару.
Еңбек жолын 2005 жылы Астана қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің маманы болып бастаған.
2009-2011 жылдары ҚР экономика және бюджетті жоспарлау, Қаржы, Ұлттық экономика министрліктерінде басқарма бастығы болды.
2011-2020 жылдар аралығында «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясында қызмет істеді.
Жаңа тағайындауға дейін KPMG халықаралық аудиторлық компаниясында басшылық қызмет атқарды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.