Таза Қазақстан – өзіңнен басталады!

Бір тасталған бөтелке табиғатта жүздеген жыл жатады. Ал бір отырғызылған ағаш ондаған жыл бойы оттегі бөліп, адамдарға сая болады.

📌 Қызықты дерек:

• Бір макулатура ағашты сақтап қалуға көмектеседі.

• Пластик бөтелкенің табиғатта толық ыдырауына шамамен 450 жыл қажет.

• «Таза Қазақстан» акциясы аясында еліміз бойынша жүздеген мың адам қатысып, мыңдаған тонна қоқыс жиналды және көптеген ағаш көшеттері отырғызылды. 

♻️ Әр адам күн сайын:

✅ Қоқысты арнайы орынға тастаса;

✅ Ауласы мен көшесін таза ұстаса;

✅ Табиғат аясында демалғаннан кейін артынан қоқыс қалдырмаса;

✅ Бір тал ексе – еліміз әлдеқайда таза әрі көрікті болады.

Тазалық – мәдениет көрсеткіші. Таза Қазақстан – әрқайсымыздың ортақ үйіміз! 🌱🇰🇿