Заң – тәртіп пен әділеттіліктің негізі

Заңдылық әрбір азаматтан басталады. Заңдылық пен қоғамдық тәртіп – кез келген құқықтық мемлекеттің негізі. Қоғамда тыныштық пен тұрақтылықтың сақталуы заңдардың орындалуына ғана емес, әрбір азаматтың өз құқықтары мен міндеттеріне жауапкершілікпен қарауына байланысты.

Көп жағдайда заң мен тәртіпті қамтамасыз ету мемлекеттік органдардың ғана міндеті деп есептеледі. Алайда, заңдылық әрбір азаматтың күнделікті іс-әрекетінен басталады.

Заң талаптарын сақтау, қоғамдық орындарда тәртіпті бұзбау, өзгенің құқықтарын құрметтеу, құқық бұзушылықтарға бейжай қарамау – азаматтық жауапкершіліктің маңызды көріністері.

Қоғамның әрбір мүшесі заң бұзушылықтың алдын алуға өз үлесін қоса алады. Егер азаматтар құқық бұзушылықтарға куә болған жағдайда тиісті органдарға хабарлап, қоғамдық тәртіпті сақтауға атсалысса, құқықтық мәдениет деңгейі артады.

Азаматтардың белсенді ұстанымы заң үстемдігін нығайтып, қауіпсіз қоғам қалыптастыруға ықпал етеді.

Заң мен тәртіп тек жазалау шараларымен қамтамасыз етілмейді. Ең бастысы – адамдардың заңды құрметтеуі және өз әрекеттерінің салдарын түсінуі.

Сондықтан, құқықтық сауаттылықты арттыру, жастарды заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу ерекше маңызға ие.

Қорытындылай келе, заңдылық пен тәртіпті сақтау – ортақ міндет. Әрбір азамат өзінен бастап заң талаптарын мүлтіксіз орындап, белсенді азаматтық ұстаным танытқан жағдайда ғана әділетті, қауіпсіз және өркениетті қоғам құруға болады.

Заңдылық әрбір азаматтан басталады.

Сауле ДЮСЕМБИНА,
Қаражал қалалық соты төрағасының міндетін атқарушы.