Ауданбай Асанбаев 1956 жылы туған. Жаңаталап мектебінде білім алған. Бала кезінен жазуға құштар Ауданбай Асанбаевтың тырнақалды мақалалары мектеп қабырғасында жүргенде аудандық «Жаңаарқа» газетінде, облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде, «Пионер», «Лениншіл жас» республикалық газеттерінде жарық көрді.
Шығармашылықтан бөлек спортқа да жаны жақын болды. Қарағанды облыстық арнайы мектеп-интернатта Эльдар Гафаров сынды білікті бапкердің қарамағында грек-рим күресінен білім алған.
Қарағанды қаласында спорттық бағыттағы мектеп-интернаттар арасында өткен жарыстар мен облыстық жастар арасындағы турнирде чемпион атанған. Н.Әбдіров атындағы бүкілодақтық турнирде жеңімпаз болып, «КСРО спорт шебері» атанды.
Бүгінде Қаражал қаласының тұрғыны. Қаражал қалалық шығармашылық байқауларында өлеңдері жүлделі орындарға ие болған.
СЫРЫМ – ШЫНДЫҒЫМ
Айтарымды ел-жұртыма айтпай бүгін қалам ба,
Еш арамдық ойламайтын пендемін ғой адамға.
Осынау бір пәктігімді аса терең сезінбей,
Кей жолдастар түсінбей жүр алайда.
Ей сырласым,
«Шық бермеске» санамашы мені сен,
Қолда барда әр мезгілде достарыммен бөлісем.
Бір ағаттық жасай қалсам, оны лезде мойындап,
Өз-өзімді табалай ғып, өз-өзіммен керісем.
Жүрмін бүгін еңбегімнің ырыс-құтын танып-жеп,
Бұл жағдайды әрдайым-ақ адал жандар түсінбек.
Қашандағы шындығымды ту ғып ұстап жүргенім,
Өтірік пен өсек айтып,
Көлгірсумен ісім жоқ.
Кемтарларға бергім келіп тұрады тек қол ұшын,
Сараңдыққа бара қалып,
Қиналмаймын ол үшін.
Мүсәпірді мүсіркемей келгенімше қолымнан,
Бәрін де назарымнан сырт қалдырмау борышым.
Алып-ұшып әр кезеңде жұдырықтай жүрегім,
Өз шамамша қамқорсызға қорған болып жүремін.
Күйзелгенде бір қайырым көрсетпеген кездерде,
Өзегіме шоқ түскендей өлердей боп жүдедім.
Бағытымнан таймай осы,
Тіршіліктен өтермін.
Дақ түсірмей көңіліне жақынның да, бөтеннің,
Кей адамға бір жақсылық көрсетулер арқылы,
Кіршігі жоқ көңілімді барынша мен көтердім.
Еш уақытта жұтаң тартып,
Қор болмаспын осымен.
Осылайша жақсылықтан ажырамас ми іргем.
Осылайша ылғи көкжиекке бағыт ала берермін,
Көз қиығын салып ылғи кең дала кесілген.
Қажет емес өзім үшін сұрқиялау сұмдығың,
Айтуға тиісті ғой дәл осындай сыр бүгін.
Тіршілікте тек айнала беретіндей секілді,
Өмірімнің айнасына менің осы шындығым.
Ақ шындығым – менің әркез қасиетті қаруым,
Ауқымда түзетілмей өзіменен қарымым.
Бақытты жан екенімді бұл күндері өзімнің,
Шайқалмайтын шындығымнан таныдым.
ЖАҢААРҚА – САҒЫНЫШЫМ
Кіндік қаны тамып саған,
Емін-еркін өстім мен,
Жағаласып, жауласпай-ақ бәз біреуше ешкіммен.
Иә, бір кез шыр-шыр етіп түсе қалып кеудеңе,
Балғын – үнім алғаш рет қиыр-шетке естілген.
Көрмей ылғи кей мезгілдің күйзелдірер түнегін,
Естияр боп ержеттім мен, қажетінше түлерім.
Бүгінде мен өз кеудемде өмір сүріп келемін,
Көп жағдайда ойдағыдай орындалып тілегім.
Өң-бойына тұна қалған жігітке тән төзім шын,
Ұлың қалай туған жерден өгей жанша безінсін.
Сапаржолға шыға қалсам,
Қасиетті Жаңаарқам,
Ең негізгі аңсарым да, сағынышым өзіңсің.
Кей сәттері шыңырауын бойлап небір тереңнің,
Жайсаңдармен тереземді тең келтіріп,
Теңелдім.
Сенің құтты құшағыңда қуаттанып келем ғой,
Бір күндері құшағыңа мәңгілікке енермін.
Ұқсай қалып кей күндері қауқары жоқ көшкінге,
Сенің асыл қадіріңді ұққандаймын кеш мүлде.
Тіріде де, өліде де ажырата алмас тек,
Сенен мені тартаң-мінез тағдырым да,
Ешкім де.
Жыр ғып сені, ауырлықтан босайтындай сәл арқам,
Сені дәйім өлеңіме өзек ету – маған тән.
Кей сапардан қайтар кезде анамша тек қарсыла,
Құшақ ашып, ақ бесігім,
Сағынышым – Жаңаарқа!
БАБАЛАРЫМ БАТЫР ҒОЙ
Бір бет алса, бағытынан орта жолда тоқтамас,
Нар-намысымен тұқымдас та,
Үзеңгілес,
Ноқталас.
Бабаларым батыр болған, оған, сірә жоқ талас,
Ер Қабанбай,
Ер Бөгенбай,
Ақжолтай Ағыбай!
Тұрар бүгін бұларды кім қаперімде танымай,
Халқым үшін бұлар дейтін шуақты Күн, жарық Ай.
Әр мезгілде-ақ болжай білген бітер істің ақырын,
Сын-сағатта төгіп-шашпай жүрген және ақылын.
Ер еді ғой,
Өр еді ғой Бауыржандай батырым.
Шындығында, мына біздер батыры көп халқымыз,
Батырларды жүреміз бүгін толығырап танып біз.
Соған орай,
Халқым менің қалмас тегі даңқсыз.
ЖҮРЕК ТІЛЕГІ
Талпынып тек өзгелерге бір жақсылық жасауға,
Ауыздық сап шектен шығар өршіл-мінез асауға.
Мынау туған елімізде көрмейікші ешқашан,
Ұлт пен ұлттың араздығын,
Қақтығысын қашанда.
Әркімдердің өмір бойы татулық боп жолдасы,
Басталсыншы татулықтан қиырларға жол басы.

