Жәйремде сенбілік өтті

«Жәйрем кен байыту комбинаты» АҚ қызметкерлері республикалық тазалық эстафетасына үлес қосты. Олар өз кәсіпорнының аумағын ретке келтіріп қана қоймай, жалпыкенттік сенбілікке белсенді қатысты.

Акцияға қатысушылар кент кіреберісіндегі аумақты абаттандырып, былтырғы шөптесіннен арылтып, қоқыстан тазартты. Сондай-ақ, көгалдандыруға өз үлестерін қосып, ағаш екті.

– Кәсіпорнымыздың қызметкерлері мұндай бастамалардың маңыздылығын түсіне отырып, оларға әрқашан белсенді қатысады, — деп атап өтті «Жәйрем КБК» АҚ Басқарма төрағасы Еркебұлан Қуандықов. – Жәйрем – біздің ортақ үйіміз және оны таза ұстау әрқайсымыздың қолымызда.

Өз тілшімізден.