15.10.2026 · Қаражал, Ұлытау облысы
Q.QARAJALNEWS
Қазыналы өңірдің ақпарат айнасы
АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМҚаражал · Жәйрем · Ұлытау
СОҢҒЫ АҚПАРАТМемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды  12.10.2026
Ақпарат ағыны

Заң талаптарын сақтау – азаматтық борыш

14.04.2026 · 14:03 · admin

Қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздіктің басты негізі – заң талаптарын сақтау. Заңға құрметпен қарау, құқықтық нормаларды мүлтіксіз орындау және қоғамдық тәртіпті сақтау – әрбір азаматтың ел алдындағы маңызды міндеті әрі азаматтық борышы.

Бүгінде құқықтық тәртіпті нығайту және құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Осы мақсатта мекемелерде, еңбек ұжымдарында, білім беру ұйымдарында ақпараттық-түсіндіру кездесулері, профилактикалық іс-шаралар мен құқықтық түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Мұндай шаралар азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыруға және қоғамдық жауапкершілікті күшейтуге бағытталған.

Заң талаптарын сақтау – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, барша қоғамның ортақ міндеті. Әр азамат өз құқықтары мен міндеттерін білуі, қоғамдық орындарда тәртіп сақтауы және құқық бұзушылыққа жол бермеуі қажет. Бұл қоғамдағы сенім мен тұрақтылықты нығайтып, қауіпсіз орта қалыптастыруға ықпал етеді.

Құқықтық мәдениеті жоғары қоғамда тәртіп те, тұрақтылық та берік болады. Сондықтан заң талаптарын сақтау – әрбір азаматтың саналы ұстанымы мен ел алдындағы жауапты борышы.

Дошабекова Айнагүл Мухаметжановна

«Қаражал қаласының ішкі саясат,мәдениет,тілдерді дамытк және спорт бөлімі» ММ бас маманы