Бүгін қала әкімі республикалық референдумға қатысып, өз учаскесінде дауыс берді. Қала басшысы еліміздің болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауда әр азаматтың қатысуы аса маңызды екенін атап өтті.
А.Елеусізов референдумға қатысу – бұл азаматтық жауапкершіліктің көрінісі екенін айтып, қала тұрғындарын белсенді азаматтық ұстаным танытып, дауыс беруге шақырды.

