Ұлытау облысы, Қаражал қаласында өңірдегі ірі кәсіпорындар өз қызметкерлерімен бірге ел болашағы үшін маңызды қадам жасап, референдумға белсене қатысуда. Әрбір дауыс – бұл біздің еліміздің дамуы мен келешегі үшін маңызды таңдаулар. Өркен ЖШС өкілдігі «Өркен-Атасу» кәсіпорны – 78 қызметкер, «Марганец Жәйрем» АҚ – 45 қызметкер, Жәйрем кен байыту комбинаты АҚ – 80 қызметкер өз таңдауларын жасады.
Кәсіпорындардың ұжымдары өз азаматтық міндеттерін орындап, еліміздің болашағына әсер ететін шешімдерге қатысып жатыр. Бұл қоғамның жауапкершілігін сезініп, ортақ мақсатқа бірігуіміздің көрінісі.
Әрбір дауыс – бұл біздің еліміздің болашағына әсер ететін маңызды қадам!

