“ҚазАвтоЖол” ҰК” АҚ Басқарма төрағасы Иманашев Дархан Серікұлының қатысуымен республикалық маңызы бар «Қызылорда – Жезқазған» автомобиль жолының 216–424 шақырым аралығында жиналыс өткізілді.
Жиын барысында жолды қайта жаңғырту жұмыстарының барысы, құрылыс сапасы, мердігер ұйымдардың міндеттемелерді орындауы және алдағы жоспарлар талқыланды.
Сондай-ақ, нысандағы жұмыстардың белгіленген мерзімде әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берілді.

