16.10.2026 · Қаражал, Ұлытау облысы
Q.QARAJALNEWS
Қазыналы өңірдің ақпарат айнасы
АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМҚаражал · Жәйрем · Ұлытау
СОҢҒЫ АҚПАРАТҚазақстан мен Әзербайжан Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосты15.10.2026
Ақпарат ағыны

Ақтай ауылында Конституцияның жаңа жобасы талқыланды

25.02.2026 · 16:32 · admin

Бүгін Ақтай ауылының тұрғындарымен Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасын талқылауға арналған мазмұнды кездесу өтті. Іс-шараға ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері қатысып, жоба аясындағы негізгі жаңашылдықтар мен оның ел дамуына ықпалы жөнінде жан-жақты ақпарат берді.

Кездесу барысында Конституцияның мемлекет тұрақтылығы мен құқықтық жүйені нығайтудағы рөлі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктері және негізгі қағидаттары кеңінен түсіндірілді. Ашық форматта ұйымдастырылған жиында тұрғындар өз пікірлерін ортаға салып, сұрақтарын қойып, еркін пікір алмасуға мүмкіндік алды.

Алдағы республикалық референдум ел өміріндегі маңызды саяси кезең екені атап өтілді. Әрбір азаматтың таңдауы – мемлекетіміздің болашағына қосқан маңызды үлес болып табылатыны айтылды.