16.10.2026 · Қаражал, Ұлытау облысы
Q.QARAJALNEWS
Қазыналы өңірдің ақпарат айнасы
АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМҚаражал · Жәйрем · Ұлытау
СОҢҒЫ АҚПАРАТҚазақстан мен Әзербайжан Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосты15.10.2026
Ақпарат ағыны

Қаражал жастары жаңа Конституцияны қолдайды

21.02.2026 · 18:23 · admin

Қаражал қаласы жастары «Конституциялық реформа – әр азаматтың құқығы мен жауапкершілігі» тақырыбында бейнежазбаға қатысып, өз пікірлерін білдірді.

Бейнеролик барысында жастар елімізде жүзеге асып жатқан конституциялық реформалардың маңызын атап өтіп, әрбір азаматтың Ата заңға қатысты көзқарасы мен ұстанымы маңызды екенін жеткізді.

Қатысушылар Конституция – мемлекет пен қоғам дамуының негізі екенін, ал реформалар әділеттілік пен заң үстемдігін нығайтуға бағытталғанын айтты. Сонымен қатар, жастар азаматтық жауапкершілік пен құқықтық сауаттылықтың маңыздылығына ерекше тоқталды.

Аталған бейнежазба жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға және қоғамда конституциялық реформаларды қолдауға бағытталған.