16.10.2026 · Қаражал, Ұлытау облысы
Q.QARAJALNEWS
Қазыналы өңірдің ақпарат айнасы
АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМҚаражал · Жәйрем · Ұлытау
СОҢҒЫ АҚПАРАТҚазақстан мен Әзербайжан Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосты15.10.2026
Ақпарат ағыны

Жәйрем кентінің әкімі өндіріс ұжымымен Конституция жобасын талқылады

17.02.2026 · 18:16 · admin

2026 жылғы 17 ақпан күні желілік кестеге сәйкес, Жәйрем кенті әкімі К. Жансагимовтың Жәйрем кен байыту комбинаты АҚ еңбек ұжымымен кездесуі өтті.

Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасының Конституциясының жаңа жобасына қатысты еңбек ұжымы арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, жоспарланып отырған конституциялық өзгерістердің мәні мен мазмұнын ашып көрсету, сондай-ақ азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Конституциясының жаңа жобасы кеңінен талқыланып, оның негізгі бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Конституциялық өзгерістердің маңыздылығы, олардың ел дамуына ықпалы, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен міндеттеріне қатысты нормаларға ерекше назар аударылды.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, ұсыныс-пікірлер тыңдалды.