16.10.2026 · Қаражал, Ұлытау облысы
Q.QARAJALNEWS
Қазыналы өңірдің ақпарат айнасы
АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМҚаражал · Жәйрем · Ұлытау
СОҢҒЫ АҚПАРАТҚазақстан мен Әзербайжан Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосты15.10.2026
Ақпарат ағыны

12.02.2026 · 16:45 · admin

Қаражал қаласының вокзал ғимаратында жүргізіліп жатқан капиталды жөндеу жұмыстары бүгінде қарқын алып, өз жалғасын табуда.

Тапсырыс беруші “Қазақстан Темір Жолы ” ҰК” АҚ қамқорлығымен жүзеге асып жатқан бұл жоба өңірдің көлік инфрақұрылымын жаңғыртуды, жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын жаңа деңгейге көтеруді мақсат етеді. Жобалауды “Қарағанды Строй Проект” ЖШС, ал құрылыс-монтаж жұмыстарын “Астана Премиум Строй” мердігер ұйымы атқаруда.

Жөндеу барысында вокзал ғимаратының сыртқы келбеті жаңарып, ішкі кеңістіктері толық қайта құрылуда. Инженерлік жүйелер заман талабына сай жаңартылып, күту залдары кеңейтіліп, билет кассаларының жұмысы ыңғайлы әрі қолжетімді форматта қайта жасалуда. Жолаушылардың қауіпсіздігі үшін бейнебақылау және өрт қауіпсіздігі жүйелері орнатылуда.

Сондай-ақ вокзал аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, жарықтандыру жүйесі жаңартылып, жалпы инфрақұрылымның сапасын арттыру бағытында кешенді шаралар атқарылып келеді.

Жоба толық аяқталған кезде Қаражал қаласының вокзалы жолаушыларға барынша қолайлы, заманауи талаптарға сай, әрі тартымды келбетке ие маңызды көлік нысанына айналады.