ЖӘЙРЕМ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН ЖАҚСЫ ЖАҢАЛЫҚ!

​«Жәйрем кенті әкімінің аппараты» ММ ұсынысы негізінде және «Ұлытау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ қолдауымен бүгіннен бастап кентте модульдік газ құю станциясы (АГЗС) 24/7 режимінде толық көлемде жұмыс істей бастады. ⏰

​📍 Мекенжайы: «Бекарыс» жанармай құю станциясы.

🔹 Газ жеткізуші: «БЕРКУТПЕТРОЛ» ЖШС.

​💰 Бекітілген бағалар:

• Тұрмыстық тұтынушылар үшін — 150 тг.

• Көлік үшін — 117 тг.

​Станцияның іске қосылуы автокөліктерді табиғи газбен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және кент инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадам болмақ.