«Заң – қарапайым тілмен» тақырыбында құқықтық сабақ өтті

Қаражал қаласында «Заң мен тәртіп» идеологемасын ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес №1 тірек мектебінде 9–11 сынып оқушыларына арналған «Заң – қарапайым тілмен» тақырыбында құқықтық сабақ өтті.

 

Іс-шара барысында қалалық прокуратураның прокуроры Н. Шакиров оқушыларға құқықбұзушылықтың түрлері, сондай-ақ қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік туралы түсіндіріп, заң талаптарын сақтаудың маңыздылығына тоқталды.

 

Сонымен қатар, қалалық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы М. Жетимекова, полиция қызметкерлері Е. Акашев пен Д. Аман, мектеп директоры Ж. Ахметова «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

 

Құқықтық сабақ жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталды.