Сәтбаев қаласында қала тұрғындарын қолжетімді әрі заманауи тұрғын үймен қамтамасыз ету мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып отыр. Осы мақсатта мемлекет қаржысы есебінен салынып жатқан соңғы үш көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Абай көшесі 3/1, 3/2 және 3/3 мекенжайларында орналасқан бұл нысандар — әрқайсысы 60 пәтерден тұратын бес қабатты заманауи тұрғын үйлер.
Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары толық көлемде аяқталғанымен, сапа мен қауіпсіздік талаптарының қатаң сақталуын қамтамасыз ету үшін тексерулер жүргізілді. Құрылысты жүзеге асырған мердігерлер — «Самға» ЖШС және «Астана ПремиумСтрой» ЖШС — жобалық-сметалық құжаттама мен қолданыстағы құрылыс нормаларына сәйкес жұмыс атқарғаны расталды.
Тексеру барысында негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталғанымен, жекелеген техникалық кемшіліктер анықталды. Мердігерлерге барлық ескертулерді қысқа мерзімде, сапа мен қауіпсіздік талаптарын толық сақтай отырып, жою міндеті берілді. Барлық кемшіліктер толық жойылмайынша, тұрғын үйлерді пайдалануға беру мүмкін болмайды.
Сонымен қатар, тұрғындар тарапынан жиі көтерілетін тұрғын үй кезегі мәселесіне түсініктеме берілді. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, тұрғын үй кезегін жүргізу және тұрғын үйлерді бөлу функциялары «Отбасы банк» АҚ-ына жүктелген. Осыған орай, қала әкімдігі тұрғын үй кезегін қалыптастыруға немесе өтініштерді қарастыруға қатыспайды.
Азаматтарды сапалы, қауіпсіз және заң талаптарына толық сай тұрғын үймен қамтамасыз ету — мемлекеттің басты басымдықтарының бірі. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде, кезең-кезеңімен жалғасады.
