Бүгін Жезқазған қаласында өткен мерекелік кеш ерекше жылы атмосферада, ортақ рух пен ынтымақ шеңберінде өтті. Әр этнос өкілі бір сахнада бас қосып, достық пен келісімнің құндылығын тағы бір мәрте айқындады.
Жыл бойы атқарылған жұмыстар қорытындыланып, белсенді жастар мен қаламыздың дамуына үлес қосқан азаматтарға алғыс жарияланды. Шығармашылық нөмірлер, ұлттық нақыштағы көріністер мен ақ тілектер кештің ажарын аша түсті.
Бірлік — біздің ең үлкен байлығымыз.
Келісім — ортақ мақсатқа бастар жол.
