Білім берудің болашағы мектептегі жасанды интеллект жүзеге асырылып жатыр. Күнделікті өмірде және жұмыста нейрондық желілерді пайдалану бүкіл әлем халқы үшін негізгі ағымға айналуда. Бүгінгі заманның басты талабы мектептерде жасанды интеллект арқылы оқушыларды ынталандырып білім беру көзделіп отыр. Бүгінгі оқушы – ертеңгі тұлға болып қалыптасады.
Біз күнделікті өмірімізде өзіміз таңдаған мамандық немесе кәсіппен айналысамыз. Ал бүгінгі оқушыларға да өз өмірінде дұрыс мамандық немесе кәсіп бастауына ықпал етуіміз керек. Білім саласы – барлық мамандықтың бастауы. Мектепте алған білім оқушыларға өмірлік сабақ болуы тиіс. Оқушы мектеп қабырғасында алған білімімен өзінің болашақ өмірдегі жолын дұрыс таңдауға бағыт алады.
Қазіргі заманда жасанды интеллектті меңгерген оқушы ертең өзінің өмір жолында еш қиналмай өз кәсібін немесе мамандығын игеріп кетуіне жол ашады. Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде білім мен технологияның рөлі айрықша маңызға ие болып отыр. Әлемдік өркениет Президент Жолдауы – сенімге серпін қарқынды түрде цифрлық трансформацияға қадам басқан тұста, Қазақстан да бұл үдерістен тыс қалып отырған жоқ.
Еліміздің стратегиялық құжаттарында білімді ұлт қалыптастыру мен инновациялық экономика құру басты міндеттердің бірі ретінде айқындалған. Осы тұрғыдан алғанда, білім мен технология – Қазақстан дамуының қос қанаты десек, қателеспейміз.
Білім – ұлттық дамудың негізі
Білім беру жүйесі кез келген мемлекеттің интеллектуалдық капиталының басты қайнар көзі. Қазақстанда соңғы жылдары білім сапасын арттыру, халықаралық стандарттарға сай кадр даярлау бағытында бірқатар реформалар іске асырылуда. Мектептерде цифрлық білім беру платформалары енгізіліп, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға басымдық берілуде.
Қазіргі таңда мектепте «Жасанды интеллект» платформасы арқылы сабақты жоспарлау қолға алынып отыр. Бұл жаңашылдық бастамаға біздің мектеп те атсалысып жатыр. Қалада өткен «Педагогикалық шеберхана» форумына қатысқан мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Екатерина Гавриш 1 орынға ие болды.
Қазір жасанды интеллектті тек білім саласында ғана емес, барлық мамандық иелері жанжақты қолданысқа енгізуде.
Технология – экономиканы өрге сүйрейтін күш
Қазіргі экономиканың негізгі қозғаушысы – технология. Цифрландыру, жасанды интеллект, робототехника, биотехнология сияқты салалар әлем елдерінің даму қарқынын анықтап отыр. Қазақстанда да цифрлық инфрақұрылым кеңейіп, электронды үкімет, онлайн қызметтер, смарт-қала жобалары енгізілуде.
Өндіріс орындары автоматтандыру мен жаңа технологияларды қолдануға көше бастады. Бұл еңбек өнімділігін арттырып, әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті өнім шығаруға мүмкіндік береді.
Білім мен технологияның өзара ықпалы
Білімсіз технология дамымайды, технологиясыз білім өміршең болмайды. Сондықтан, бұл екі саланың интеграциясы еліміздің инновациялық дамуының өзегіне айналуы тиіс.
Жоғарғы оқу орындары жанынан ашылған технопарктер мен инкубациялық орталықтар жастардың стартап жобаларын қолдап, жаңа идеялардың туындауына жағдай жасап келеді. STEM білім беру форматы, IT мамандарды даярлау, колледждерде практикалық дағдыларды күшейту – технологиялық серпілістің бастауы.
Осылайша білім беру мен технологиялық прогресс бір-бірін толықтыра отырып, ел экономикасына жаңа серпін береді.
Қорытынды
Қазақстанның дамыған елдер қатарына қосылуы – білімді азаматтар мен заманауи технологиялардың тиімді үйлесуіне байланысты. Ел болашағы – білікті кадрлар мен инновациялық ойлау жүйесіне ие ұрпақтың қолында.
Сондықтан, білім мен технологияны бірге дамыту – ұлттық стратегиялық мақсат. Екі қанат тең жұмыс істегенде ғана Қазақстанның биікке самғауына мүмкіндік бар.
Сая МУНЖАСАРОВА,
№ 3 ЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
