Спорт – бұл тек күш пен жылдамдық емес, бұл – арманға жету жолындағы табандылық, жігер және қажырлы еңбек. Қазақстанның жас спортшылары өздерінің күшін, төзімділігін және рухын дәлелдеп, еліміздің абыройын биікке көтеріп келеді.
Бокстан Тараз қаласында өткен 2010-2011 жылы туылған қыздар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында Айлин Серікова керемет өнер көрсетіп ІІ орынға ие болды. Оның жетістігі – тек өз еңбегі емес, бапкері Рымғали Мұздыбаевтың кәсіби нұсқауы мен қолдауының жемісі. Айлиннің табандылығы мен жігері әрбір жас спортшыға үлгі болары сөзсіз.
Дзюдо саласында да жас спортшыларымыз өзін ерекше көрсетті. 25-30 қараша аралығында Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында өткен дзюдодан 2009-2010 жылы туылған жасөспірімдер мен қыздар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында +70 кг салмақ дәрежесінде Қарлығаш Баянова қола медальға ие болды. Оның жетістігі – қажырлы еңбегі мен бапкерлері Арман Отарбаев және Сандуғаш Муканбеткалиеваның сенімі мен қолдауының нәтижесі.
Айлин мен Қарлығаш – жас спортшыларға шабыт беретін үлгі. Олар көрсеткен табандылық пен жігер әрбір жастың армандарына жетуіне күш береді. Жеңіс – бұл тек марапат емес, ол – сенім, еңбек және армандарға адалдықтың белгісі.
Құттықтаймыз, Айлин мен Қарлығаш! Алда тек жаңа белестер, биік шыңдар және жарқын жеңістер болсын! Қазақстанның жас спортшылары сендердің табыстарыңмен әлемге әйгілі болсын!
Жазира СЕЙДҒАБИҚЫЗЫ
