Қаланың экологиялық келбеті – әрбір азаматтың қолында

Қоршаған орта – әрбір адамның өмір сапасына тікелей әсер ететін маңызды фактор. Қала тазалығы мен экологиялық тұрақтылық тек билік органдарының міндеті емес, әрбір тұрғынның жауапкершілігінде. Сол себепті «Таза Қазақстан» акциясы аясында әр азамат өз үлесін қосуы қажет.

Қаланың экологиялық келбеті – бұл тек көркемдік емес, сонымен қатар тұрғындардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне әсер ететін фактор. Таза аула, таза көшелер, қоқыссыз қоғамдық орындар – тұрғындардың өмір сапасын арттырады. Әрбір адам өз ауласын, көршілер ауласын және қоғамдық орындарды таза ұстау арқылы қаламыздың көркін сақтай алады.

Акция аясында ұйымдастырылатын сенбіліктер, көшелерді тазалау шаралары – қоғамның белсенділігін арттырып, азаматтар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастырады. Қала тұрғындары экологиялық тәртіпке бейімделсе, қаламыздың келбеті ұзақ уақыт бойы таза және жайлы болады.

Ең бастысы – экологиялық тазалыққа қол жеткізу үшін әрбір адам өз ісінен бастау керек. Қаланың экологиялық келбеті – әрбір азаматтың қолында. Бірлескен күш арқылы біз Таза Қазақстанға қол жеткізе аламыз және келешек ұрпаққа таза, жайлы қала қалдырамыз.

 

Байшукенова Тлеухор Жанжумановна

«Қаражал қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»

КММ директоры