Жұмысшы мамандықтарының жылы – нағыз сектордың жаңа серпіні

Ел экономикасының дамуы мен нақты сектордың тұрақтылығын қамтамасыз етуде білікті жұмысшы мамандықтарының маңызы ерекше. Қазіргі индустрияландыру кезеңінде өндіріс орындары мен инфрақұрылымдық жобалар үшін жоғары кәсіби дағдысы бар кадрлар қажет. Осыған орай биылғы жыл Қазақстанда «Жұмысшы мамандықтарының жылы» болып жарияланып, еңбек нарығын қолдауға бағытталған жаңа бастамалар қолға алынды.

Өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы және қызмет көрсету салаларында кәсіби жұмысшыларға сұраныс артып отыр. Цифрландырудың күшеюі жаңа техниканы меңгеретін дәнекерлеушілер, механиктер, операторлар, электрмонтерлер мен құрылысшылардың рөлін күшейтті. Нақты сектордың сапалы дамуы бүгінде осы мамандық иелерінің кәсібилігіне тікелей байланысты.

Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында ел көлемінде бірқатар жаңа бағдарламалар іске асырылуда. Бұл шаралар өндірістерді кадрмен қамтамасыз етіп қана қоймай, өңірлердегі жұмыссыздық деңгейін төмендетуге ықпал етуде.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері еңбек нарығында маңызды рөл атқарады. Азаматтарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, әлеуметтік осал топтарға қолдау көрсету – өңірлік бөлімдердің күнделікті міндетінің бір бөлігі.

Жұмысшы мамандықтарының жылы – еліміздің нақты секторын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам. Экономиканың тұрақтылығы мен өндірістің дамуы – ең алдымен кәсіби жұмысшы кадрлардың қолында. Сондықтан, бұл салаға қолдау көрсету, мамандықтың беделін арттыру және жастардың қызығушылығын күшейту – бүгінде уақыт талабы.

Жұмысшы мамандықтарын дамыту – елдің экономикалық қуаты мен болашағына жасалған инвестиция.

Анар МОЛДАБАЕВА, «Қаражал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы.