Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенділік акциясы аясында флешмоб өтті

Қаламызда «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік» халықаралық акциясын қолдау мақсатында ерекше флешмоб ұйымдастырылды. Іс-шараға қалалық Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту және спорт бөлімі, қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері, мәдени-сауық орталығының қызметкерлері, сондай-ақ қаланың жас волонтерлары қатысты.

Қатысушылар зорлық-зомбылыққа қарсы күрестің жаһандық белгісі болып саналатын қызғылт-сары түсті шарфтар мен шарларды ұстап, қоғамды бей-жай қалмауға шақырды.

Флешмобтың басты мақсаты – зорлық-зомбылықтың кез келген түріне нөлдік төзімділік қалыптастыру, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қауіпсіз орта құруға үлес қосу.