Қаражал қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Бірлік. Татулық. Келісім.» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шараға қала әкімінің орынбасары Диана Оспанбекова, Ұлытау облыстық «Қоғамдық келісім» КММ басшысы, облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Гүлбану Сейтжанова, сондай-ақ «Қоғамдық келісім»КММ директорының орынбасары, этномедиатор Гулназ Гатиятова, Қаражал қалалық Ақсақалдар кеңесі, Аналар кеңесі, Ардагерлер кеңесі мүшелері қатысты.
Дөңгелек үстелде қаладағы этносаралық татулықты сақтау, бірлік пен өзара құрметті нығайту мәселелері жан-жақты талқыланды.
Қатысушылар қоғамдағы тұрақтылықты сақтаудың маңызын атап өтіп, болашақта атқарылуы тиіс міндеттер бойынша пікір алмасты. Этномедиация, қоғамдық келісім және әлеуметтік бастамаларды қолдауға бағытталған ұсыныстар айтылды.
Шара Қаражал қаласындағы бірлік пен татулықты одан әрі нығайтуға бағытталған маңызды басқосу ретінде бағаланды.
