Мектеп ғимаратының құрылысы қарқынды түрде жүргізілуде

Қаражал қаласының Вокзал шағынауданында 80 орындық екі қабатты мектеп ғимаратының құрылысы қарқынды түрде жүргізілуде. Аталған нысанның жобасы жергілікті жерге бейімдеу арқылы жүзеге асырылып отыр.

Жобалаушы ұйым – «СуҚұрылысПроект» ЖШС. Жоба 2024 жылғы 19 қарашадағы № PEKZ-0292/24 мемлекеттік сараптама қорытындысымен мақұлданған. Тапсырыс беруші – Ұлытау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы.

Сараптама қорытындысына сәйкес жобаның жалпы құны 1 347 610,0 мың теңгені құрайды. Мемлекеттік сатып алу рәсімдері толық көлемде өткізілген.

Жасалған шарттарға сәйкес құрылыс жұмыстарының жалпы құны 1 280 128,2 мың теңге, оның ішінде:

мердігер ұйым – «CK NEW CITY» ЖШС – 1 244 458,0 мың теңге;

техникалық қадағалау – «BS – INVEST Group» ЖШС – 29 828,9 мың теңге;

авторлық қадағалау – «Су Құрылыс Проект» ЖШС – 5 841,4 мың теңге.

Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Жаңа мектеп пайдалануға берілгеннен кейін қала оқушылары үшін қолайлы әрі заманауи білім беру ортасы қалыптасатын болады.