Елдің индустриялық әлеуетін арттырудағы ең маңызды фактор – өз ісіне адал, кәсіби даярлығы жоғары еңбек адамдары. Өндірістің кез келген сатысында сапа мен тұрақтылықты қамтамасыз ететін де, жаңа технологияларды тиімді меңгеретін де – жұмысшы мамандар. Сондықтан еліміздің индустриялық даму қарқыны тікелей еңбек адамының біліктілігі мен жауапкершілігіне байланысты.
Жұмысшы мамандықтар жылы бұл бағыттағы жұмысты күшейтіп, өндіріс саласындағы кадрларды қолдауға, олардың кәсіби деңгейін арттыруға және жұмыс мәдениетін дамытуға ерекше серпін берді. Заманауи құрал-жабдықтармен жұмыс істеу, өндірістік қауіпсіздік талаптарын сақтау және процестерді тиімді ұйымдастыру – бүгінгі еңбек адамының басты міндеттерінің бірі.
Индустриялық дамуды ілгерілетуде кәсіби мамандардың тәжірибесі мен шеберлігі үлкен рөл атқарады. Олар өндірістегі өзгерістерге тез бейімделіп, жаңа технологиялардың мүмкіндіктерін іс жүзінде қолдана алады. Бұл өз кезегінде өнімнің сапасын арттырып, кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға ықпал етеді.
Еңбек адамдарына жасалған қолдау – елдің экономикалық ілгерілеуіне инвестиция. Кәсіби даярлығы жоғары, мамандығын жетік меңгерген жұмысшы кадрлары көбейген сайын, еліміздің индустриялық дамуы да соғұрлым қарқынды бола түспек.
Бойцун Вера Викторовна
Құқық қорғау органдарының ардагері
