Жәйрем кенті әкімі аппараты мен «Жәйрем кенті мәдени-сауық орталығы» КМҚК ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі ерекше балаларға арналған «Қайырымдылық жылы жүректен» атты мерекелік бағдарлама өткізілді.
Шараның мақсаты – ерекше балаларға қуаныш сыйлау, олардың бойына өзіне деген сенімділік пен мейірім шуағын ұялату.
Бағдарлама барысында балалар үшін қуыршақтар қойылымы, түрлі ойындар мен билер, сондай-ақ мультфильм көрсетілімі ұйымдастырылып, шаттық пен күлкіге толы керемет атмосфера орнады.
Іс-шараға қатысқан балалар мен ата-аналар жылы лебіздерін білдіріп, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.
