Жұмысшы мамандық – қоғамды алға жылжытатын ең маңызды күш

Жұмысшы мамандық – көзге көрінбейтін, бірақ қоғамды алға жылжытатын ең маңызды күш. 

Бүгін біз тұрып жатқан үй, жүріп жатқан жол, пайдаланатын жарық, ішіп отырған су – бәрі жұмысшылардың маңдай терінің нәтижесі.Бұл мамандықтың қадірі – істің нақты қолмен жасалатындығында.

Жұмысшының еңбегі ертегі емес, шынайы өмірдің тірлігі. Олардың жұмысы тоқтаса, қаланың өзі тоқтап қалады.Нағыз еңбек – осы.

Қолмен іс істей алатын адам – әрқашан керек адам. Қай жерде де, қай уақытта да.Сондықтан жұмысшы мамандығын таңдау – жай ғана кәсіп емес, бұл – тұрақтылық, сенімділік және қоғамға тікелей пайда әкелетін жауапты жол.

Рахат Құрмет,

ерікті