Қаражал қаласында кәсіпкерлерге арналған «Көрнекі ақпарат пен жарнама сауаттылығы» семинары өтті

Қаражал қаласында жергілікті кәсіпкерлерге арналған «Көрнекі ақпарат пен жарнама сауаттылығы» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – кәсіпкерлік нысандарындағы көрнекі ақпаратты сауатты рәсімдеу, мемлекеттік тіл нормаларын сақтау және жарнаманы әзірлеудегі құқықтық талаптарды түсіндіру болды.Семинар спикері – Сәтбаев қаласының Тіл-құрал оқу-әдістемелік орталығының басшысы Мадинат Балтина. Ол қатысушыларға көрнекі ақпаратты орналастыру ережелері, заңнама талаптары және жарнама мәтіндерін дұрыс құрастырудың негізгі қағидалары туралы кеңінен баяндап, кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап берді.
Іс-шараға Қаражал қаласының бірқатар кәсіпкерлері қатысып, практикалық мысалдар арқылы өз нысандарындағы кемшіліктерді түзету жолдарын талқылады.