Ұлытау облысында агроөнеркәсіптік саланы дамытуға ерекше назар аударылуы – өңір экономикасы үшін өте маңызды қадам. Жоспарланған 11 жоба ет өндіруді арттыруға, көкөніс шаруашылығын кеңейтуге және жемшөп базасын күшейтуге мүмкіндік береді.
Бұл бір жағынан – ауыл шаруашылығының тұрақтылығын қамтамасыз етсе, екінші жағынан – жергілікті тұрғындар үшін жаңа жұмыс орындарының ашылуына жол ашады.
Осындай кешенді жобалар ауылдық аймақтардың дамуына серпін беріп, аймақтың өзін-өзі азық-түлікпен қамтамасыз ету деңгейін көтереді және кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндіктер ұсынады.
