Қызмет алушылардың құқықтары қалпына келтірілді

Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мен азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі — Департамент) ерекше назарында.

Бұл ретте, Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау жөніндегі уәкілетті орган ретінде Департаментпен облыс көлемінде қызмет алушылардың мүдделерін қорғау, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және қызмет көрсету процесін жетілдіру бағытында тұрақты жұмыс жүргізілуде.

Осыған сәйкес, Департамент тарапынан білім саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасына сыртқы байқау жүргізіліп, нәтижесінде бірқатар бұзушылықтар анықталды.

Бақылау шараларының нәтижесінде «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау», «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу», «Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қатысты 404 өтініш бойынша қызмет алушыларға қызмет нәтижесі ұсынылмағандығы анықталды.

Бұл тұста, Департаментпен енгізілген ұсынымдарға сәйкес, 404 қызмет алушылардың бұзылған құқықтары қалпына келтіріліп, қызмет нәтижелері ұсынылды.

Осы орайда, мемлекеттік қызмет алу барысында құқықтарыңыз бұзылған жағдайда Департаментке Жезқазған қаласы, Алаш алаңы, 1 ғимаратындағы №711 кабинетке немесе «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы жүгінуге болатындығын назарларыңызға жеткіземіз (байланыс телефоны – 8(7102) 73-32-70).

Олжас ЖОЛШЫБЕК,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасы бас маманының міндетін атқарушы