Еңбек – қоғамның дамуы мен тұрақтылығының негізгі өзегі. Әрбір маман өз ісі арқылы елдің игілігіне қызмет етіп, ортақ мақсатқа үлес қосады. «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында еңбек адамының мәртебесін арттыру, кәсіби біліктілікті дамыту және жастарды еңбекке баулу – маңызды бағыттардың бірі болып табылады.
Қай салада еңбек етсе де, әрбір азаматтың табандылығы мен жауапкершілігі ел дамуының берік іргетасын қалайды. Өндірісте тер төгіп жүрген жұмысшылар, техникалық мамандар мен қызмет көрсету саласының өкілдері – қоғамның нақты тірегі. Олардың ерен еңбегі өңірдің өркендеуіне, экономиканың өсуіне тікелей ықпал етеді.
Ел игілігіне қызмет ету – әрбір маманның азаматтық парызы мен борышы. Өз кәсібін сүйіп, адал еңбек еткен адамның еңбегі еленіп, ел құрметіне бөленеді. Осындай еңбекқор жандардың тынымсыз еңбегі мен шынайы адалдығы – мемлекетіміздің берекесі мен болашағының кепілі.
Жуманбаева Мереке Рахимбаевна
Қаражал қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы
