Еңбегімен елге өнеге болған жандар

Қоғамның дамуы мен елдің өркендеуі – адал еңбек етіп, өз ісіне жан-тәнімен берілген азаматтардың арқасында жүзеге асады. «Еңбегімен елге өнеге болған жандар» – осындай еңбекқор, табанды, өз мамандығының шебері атанған адамдардың бейнесі. Олар өз кәсіби шеберліктерін қоғам игілігіне арнап, өндіріс пен қызмет көрсету саласын дамытып, экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Жұмысшы мамандық иелері – ел экономикасының, әлеуметтік жүйесінің және мәдениетінің берік тірегі. Әрбір құрылысшы, механик, тігінші, аспаз немесе өндіріс саласының кез келген маманы – өз ісінің нағыз шебері. Олар әрбір күн сайын жаңа қиындықтарды еңсеріп, кәсіби деңгейін жетілдіріп, қоғамға нақты үлес қосуда.

Еңбек адамының ең басты қасиеті – жауапкершілік пен табандылық. Адал еңбектің арқасында қоғамдағы сенім мен бірлік нығаяды, жас ұрпаққа тәрбие беріледі. «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында осындай азаматтарды дәріптеу, олардың жетістігін көрсету – қоғамда еңбек мәдениетін қалыптастырудың маңызды шарасы болып табылады.

Еңбегімен елге өнеге болған жандардың өмір жолы – табандылықтың, сабырлылықтың, кәсіби шеберліктің және патриоттық сезімнің айқын үлгісі. Олар – қоғамның мақтанышы, елдің тірегі, жастарға үлгі болатын тұлғалар. Әрбір адамның еңбегі бағаланып, ел игілігіне айналғанда ғана біз шынайы өркендеген, әділ және берекелі қоғамды құра аламыз.

 

Сатанов Жанат Рахымжанович

Қаражал қаласы мәслихаты аппартының басшысы