«Заң алдындағы жауапкершілік – әр азаматтың парызы»

Әрбір азаматтың қоғам алдындағы ең үлкен міндеті – заңды құрметтеу және оны бұлжытпай орындау. Заң алдындағы жауапкершілік – мемлекеттің тұрақтылығы мен әділдіктің кепілі. Азамат өз құқығы мен міндетін толық сезінгенде ғана қоғамда тәртіп пен сенім орнайды.

Құқықтық мәдениеті жоғары тұлға – өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарайтын, заңды басшылыққа алатын адам. Мұндай көзқарас мемлекет дамуының негізін қалайды. Себебі заңды құрметтеу – адамгершіліктің, парасаттылықтың және азаматтық сана-сезімнің айқын көрінісі.

Бүгінгі күні жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң нормаларын түсіндіру – уақыт талабы. Заңды білу және оны сақтау – әр азаматтың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ парызы.

Заң үстемдігіне берік сенім мен жауапкершілік сезімі орныққан ортада ғана әділеттілік салтанат құрып, ел іргесі берік болмақ.

 

Ким Артем Сергеевич

Ұлытау облыстық мәслихатының депутаты,

Дзюдо күресінен спорт шебері