Қоршаған ортаны қорғау – бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің бірі. Табиғаттың тепе-теңдігін сақтау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру – әр азаматтың парызы.
Қазақстанда экологиялық сананы арттыру бағытында көптеген игі бастамалар жүзеге асуда. Соның бірі – «Таза Қазақстан» акциясы. Бұл акция ел азаматтарын табиғатты аялауға, туған жердің тазалығына үлес қосуға үндейді.
Тазалық – тәртіп пен ұқыптылықтың, елге деген сүйіспеншіліктің көрінісі. Әрбір көшені, әр аула мен саябақты таза ұстау – жеке адамның ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі. «Ортақ іс – ортақ мақсат» қағидатын ұстанған тұрғындар мен жастардың белсенділігі экологиялық мәдениеттің жоғарылағанын айғақтайды.
Мұндай игі шаралар елімізде экологиялық санасы биік, табиғатқа жанашыр ұрпақ қалыптастыруға бағытталған. Табиғатқа қамқорлық таныту – болашаққа салынған сенімді инвестиция.
Таза қоршаған орта – салауатты өмір мен берекелі қоғамның кепілі.
Жуманбекова Мереке Рахимбаевна
Қаражал қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы
