Қоршаған ортаны қорғау – әрбір азаматтың адамдық парызы мен ел алдындағы жауапкершілігі. Табиғатты аялау мәдениеті – ұлттың рухани деңгейін көрсететін маңызды көрсеткіштердің бірі. Өйткені табиғаттың тазалығы мен тепе-теңдігі – адамзат өмірінің негізі, елдің өркендеу кепілі.
Бүгінде елімізде экологиялық сана мен мәдениетті арттыру бағытында бірқатар жобалар жүзеге асуда. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы – сол бастамалардың бірі. Бұл шара қоғамның барлық буынын ортақ іске жұмылдырып, туған жердің табиғи келбетін сақтау ісінде нақты нәтижелерге қол жеткізуді мақсат етеді.
Табиғатты қорғау – тек бір реттік шара емес, күнделікті өмір салтына айналуға тиіс ұстаным. Әр адам өз айналасынан бастаса – көшені, ауласын, өзен-көлін таза ұстауға үлес қоссa, еліміздің экологиялық ахуалы айтарлықтай жақсарады.
Табиғатты сақтау – болашақ ұрпақ алдындағы борыш. Бұл парызды орындау – азаматтық ұстанымның, елге деген сүйіспеншіліктің айғағы.
Бойцун Вера Викторовна
Құқық қорғау органдарының ардагері
