«Amanat» үздіктерді ұлықтады

Ұлттық мереке – Республика күніне орай «AMANAT» партиясы Қаражал қалалық филиалында салтанатты іс-шара өтті. Өңірімізді өркендетуге елеулі үлес қосып жүрген азаматтардың еңбегі тиісті дәрежеде бағаланып, шара барысында марапаттар табысталды.

«Белсенді қызметі үшін» төсбелгісі – облыстық мәслихат депутаты Артём Кимге, «AMANAT» партиясының Құрмет грамотасы – «Қаражал қаласының білім бөлімі» ММ әдістемелік кабинет меңгерушісі Алтын Тажитоваға, «Қаражал қаласының құрылыс бөлімі» ММ басшысы Светлана Милиуске, «Жәйрем кенті әкімінің аппараты» ММ бөлім басшысы Айнұр Елікбаеваға табысталды.

«AMANAT» партиясы атқарушы хатшысының Алғыс хаты – «Қаражал қаласының білім бөлімі» ММ әдіскері Бақыт Маминаға, Қаражал қаласының «Балбөбек» бөбекжайының тәрбиешісі Ұлжан Сатановаға, «AMANAT» партиясы Ұлытау облыстық филиалының атқарушы хатшысының Алғыс хаты – Қаражал қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Жәйрем кентіндегі №12 кітапхана филиалының меңгерушісі Алма Абдразаховаға, «Қаражал қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ әдіскері Вера Бойцунға, «Жәйрем кентінің ауруханасы» КМҚК медбикесі Нұргүл Искаковаға, «Қаражал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ әлеуметтік қызметкерлері Айгерім Маликова мен Жаңыл Темироваға, қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің бас есепшісі Сырым Сажиновке табысталды.

«AMANAT» партиясы Қаражал қалалық филиалының атқарушы хатшысының Алғыс хаты – қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Мереке Жұманбаеваға, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ Ұлытау облысы бойынша филиалының Қаражал қаласы бөлімінің ментор-бас маманы Гүлнұр Жақсыкелдіқызына, №7 орта мектебінің мұғалімі Айсұлу Бекмұхамедоваға, Қаражал қаласының жастар ресурстық орталығының бас есепшісі Гүлдана Макаеваға, «Қаражал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ әлеуметтік қызметкерлері Алмагүл Елеусізова мен Эльмира Шаяховаға берілді.

«AMANAT» партиясы Қаражал қалалық филиалы Қаражал-Жәйрем аумағының кітапханашыларын және халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері мен ардагерлерін шын жүректен құттықтап, филиалдың атынан құттықтау хаттарды кәсіби мерекелері аталып өтілетін Қаражал қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Тлеухор Байшукеноваға және Қаражал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Анар Молдабаеваға табыстады.

Шара соңында партиялық билеттер – Ерлан Сембековке, Эльмира Төлеуоваға, Ұлтусын Балмағанбетоваға, Жадыра Жарылғаповаға және Аңсаған Тұрлыбековаға салтанатты түрде табысталды.

Қаламыздың жастары «QAZAQSTAN» акциясын қолдай отырып, жиналған жұртқа мерекелік көңіл-күй сыйлап, патриоттық сарындағы ұлттық өнерді дәріптеді. Ал партия ардагері, қалалық Ақсақалдар алқасы төрағасының орынбасары Әбдірәсіл Рахым бірпартияластарды мерекемен құттықтап, Қаражал қаласына арнаған туындысын паш етті.

Салтанатты шара соңында естелік суретке түсіп, жиналған қауым бір-бірін Ұлық мерекемен құттықтады. Ұлттық мерекеміз ұлықтала берсін!

Гүлмира ИСИНА,
«AMANAT» партиясы Қаражал қалалық филиалының атқарушы хатшысы.