Тазалық – тұрақтылықтың тірегі

Тазалық – қоғам мәдениетінің көрінісі, тұрақтылық пен тәртіптің басты негізі. Ел көлемінде жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» акциясы азаматтардың жауапкершілігін арттырып, ортақ игілікке үлес қосуға шақырады.

Қоршаған ортаның тазалығы тек табиғатқа қамқорлық емес, ол қоғамның рухани деңгейін айқындайтын маңызды өлшем. Әр адам өз ортасын таза ұстауға, қоғамдық орындардың мәдени келбетін сақтауға атсалысқанда ғана үйлесімді орта қалыптасады.

Тазалық пен тәртіпке бағытталған мұндай бастамалар ел ішіндегі тұрақтылықты нығайтып, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға жол ашады. Бұл — мемлекеттің дамуы мен қоғамдағы өзара сыйластықтың нақты көрсеткіші.

Тазалық – тек бір күндік іс емес, күнделікті дағдыға айналуы тиіс құндылық. Жауапкершілігі жоғары, саналы азаматтар қалыптастырған таза орта – тұрақты, қауіпсіз және өркениетті елдің кепілі.

Байшукенова Тлеухор Жанжумановна

Қаражал қаласының орталықтандырылған кітапахана жүйесі

КММ директоры