Таза Қазақстан – ұлт бірлігінің көрінісі

Елімізде қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясы – табиғатты аялау мен қоғамдағы жауапкершілікті арттыруға бағытталған игі бастама. Бұл акция халықтың белсенділігін оятып, ел бірлігін, туған жерге деген сүйіспеншілікті айқындай түсті.

Қалалар мен ауылдарда өтетін тазалық шаралары тұрғындардың бір мақсатқа бірігуіне жол ашып, туған өңірдің ажарын ашуға сеп болуда. Көпшіліктің қатысуымен көшелер, саябақтар мен қоғамдық орындар тазаланып, халық арасында ұқыптылық пен тәртіп мәдениеті қалыптасып келеді.

Мұндай бастамалар қоғамда ізгілік пен жауапкершілік сезімін күшейтеді. Себебі туған жердің тазалығы – елдің абыройы мен мәдениетінің көрсеткіші. Тазалық жұмыстары тек қоршаған ортаны көркейтіп қана қоймай, адамдар арасындағы ынтымақ пен ұйымшылдықты арттырады.

«Таза Қазақстан» – елдің игілігі үшін жасалып жатқан ортақ еңбек. Бұл іс-шараға мемлекеттік органдармен қатар, түрлі ұйымдар мен қарапайым тұрғындардың белсенді атсалысуы еліміздің жарқын болашағына деген сенімді нығайта түсуде.

Табиғатты қорғау мен туған жерді таза ұстау – әр азаматтың парызы. Себебі ұқыптылық пен жауапкершілік бар жерде береке мен бірлік орнайды.

Сагинтаева Гульнар Сапаровна

Қаражал қаласының Мансап орталығының директоры