Өндіріс өркені – еңбек адамының қолында

Ел дамуының қозғаушы күші – өндіріс саласында тер төгіп жүрген еңбек адамдары. Заман талабына сай жаңарып, технологиялық тұрғыдан жаңғырған өндіріс орындары – еліміздің экономикалық қуатын айқындайтын басты сала. Ал оның өркендеуі ең алдымен өз ісіне адал жұмысшы мамандардың еңбегіне тікелей байланысты.

«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында еңбек адамының қоғамдағы рөлі мен беделін арттыру, кәсіби шеберлікті дәріптеу бағытында ауқымды іс-шаралар жүзеге асырылуда. Бұл бастамалар өндіріс саласына жаңа серпін беріп, жас буынның еңбекке деген қызығушылығын арттыруға жол ашады.

Бүгінгі еңбек адамы – тек орындаушы емес, ол – жаңашылдыққа ұмтылатын, өз кәсібінің дамуына үлес қосатын тұлға. Қолымен еңбек еткен азаматтар ел экономикасын нығайтып, қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Өндірістің болашағы – білімді, жауапкершілігі жоғары, заманауи технологияны меңгерген жұмысшының қолында. Сондықтан еңбек адамын құрметтеу – ел дамуына деген құрметтің белгісі.

 

Бойцун Вера Викторовна

Құқық қорғау органдарының ардагері