Қоғамның мәдениеті мен ұлттың деңгейі ең алдымен қоршаған ортаға деген көзқарасынан көрінеді. Тазалық сақтау – тек экологиялық шара емес, бұл – азаматтық жауапкершіліктің, ұлттық бірліктің көрінісі. «Таза Қазақстан» акциясы осы бағыттағы бірлік пен өзара жауапкершіліктің нақты үлгісіне айналып отыр.
Бүгінде елдің түкпір-түкпірінде тұрғындар өз еркімен сенбіліктерге қатысып, көшелер мен қоғамдық аумақтарды тазалау ісіне белсене атсалысуда. Мұндай іс-шаралар тек қаланы көркейту мақсатында емес, қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.
Тазалық – тәртіп пен ұйымшылдықтың белгісі. Ортақ іске бірлесе атсалысу арқылы адамдардың бойында елжандылық сезімі артып, өз ортасына деген жауапкершілік күшейеді. Сондықтан тазалық сақтау – ұлттың мәдени құндылығын айқындайтын жаңа өлшем, ұлттық бірліктің заманауи бейнесі.
Оспанова Замзагуль Кажжмукановна
Қаражал қалалық мәслихатының төрағасы