Қазіргі таңда экологиялық тұрақтылық мәселесі әлемдік күн тәртібіндегі ең өзекті тақырыптардың бірі. Табиғатты қорғау мен қоршаған ортаны сақтау – тек экологиялық емес, ұлттық қауіпсіздік пен ұрпақ саулығына тікелей әсер ететін маңызды міндет.
ресурстарды ұқыпты пайдалануға және халықтың экологиялық жауапкершілігін арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізілуде. «Таза Қазақстан» акциясы – осы бағыттағы нақты іс-қимылдардың айқын көрінісі.
Экологиялық тәртіп ең алдымен адамның өзінен басталады. Көшеде, жұмыс орнында, үйде тазалық сақтау, тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау, суды үнемдеп пайдалану – қарапайым, бірақ табиғатты қорғауда үлкен маңызға ие әрекеттер. Осындай күнделікті жауапкершілік болашақ ұрпаққа таза орта мен өмір сапасы жоғары елді аманат етеді.
Табиғатты аялау – бұл мәдениеттің бір бөлігі, ұлттың саналы көзқарасын танытатын өлшем. Әрбір азамат экологиялық тәртіпті сақтауды өзінен бастап, қоғамда экологиялық мәдениетті насихаттауға үлес қосуы қажет.
Болашақтың кепілі – бүгінгі ұқыптылық пен тәртіп. Табиғатты сақтау – елдің тұрақты дамуының негізі әрі ұрпақ алдындағы ең үлкен жауапкершілік.
Сагинтаева Гульнар Сапаровна
Қаражал қаласының Мансап орталығының директоры