Шағын өзінің мал шаруашылығымен айналысып жүрген Қызылжар кентінің тұрғыны интернет арқылы құны 75 000 теңге тұратын сүт сеператорына тапсырыс береді.
Тауарды алған тұтынушы еш алаңсыз іске қосып көреді. Алайда сепертор қажетті фунцияларын орындамайды. Яғни сүттің қаймағын ажыратып ала алмайды. Бірден тауарды алған сатушыға хабарласып, басқасына айырбастап беруді немесе қаражатын қайтарып беруді өтінеді. Алайда, сатушы тауарды қолданғандығын және сеператордың еш ақаусыз екендігін жеткізіп, тауарды айрбастап беруден және құнын қайтарудан бас тартады.
Тұтынушы ретінде құқығын қорғамақ болған ауыл тұрғыны Ұлытау облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіне келіп шағымданады.
Барлық мән-жайды саралаған Департамент қызметкерлері заң асында сотқа дейінгі іс шараларды жүргізу қажет деп кеңес береді. Сатушыға жазбаша наразылық жазуға көмек береді. Алайда, ортақ келісімге келмеген тұтынушы сатушыны сотқа береді.
Сот процесінде Ұлытау облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті үшінші тұлға ретінде қатысып, тұтынушы құқығын қорғайды. Сот барысында тауардың сапасыз екендігі анықталады. Осылайша, сатушығы тауар құнын қайтару міндеттеліп, тұтынушы құқығы қорғалды.
Сонымен қатар, тұтынушы ретінде құқығыңыз тапталса, Ұлытау облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің қызметкерлері заң аясында көмек беруге әрдайым дайын екендіктерін естеріңізге салады.