Қоршаған ортаның тазалығы – қоғам мәдениетінің және ұлт болашағына деген көзқарастың айнасы. «Таза Қазақстан» бастамасы – табиғатты қорғау арқылы елдің экологиялық санасын қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.
Бүгінгі күні экологиялық мәдениет ұлт дамуының ажырамас бөлігіне айналуы тиіс. Себебі таза қоршаған орта – дені сау ұлттың, тұрақты қоғамның және өмір сапасының кепілі. Табиғатты аялау, тазалық сақтау – ұлттың өркениетті көзқарасын білдіретін басты құндылықтардың бірі.
«Таза Қазақстан» идеясы адамдарды қоршаған ортаға бейжай қарамауға, өз ортасына жауапкершілікпен қарауға үндейді. Әр азамат табиғатты таза ұстауға атсалысқанда ғана елдің экологиялық бейнесі жақсарып, өмір сапасы арта түседі.
Бұл бастама – ұқыптылықтың, мәдениеттіліктің және рухани тазалықтың көрінісі. Табиғатты қорғау – болашақ ұрпақ алдындағы борыш. Сондықтан «Таза Қазақстан» – еліміздің экологиялық жаңғыруының және ұлттық жауапкершілігінің жарқын символы.
Оспанова Замзагуль Кажмукановна
Қаражал қалалық мәслихатының төрағасы