Сіздерді халқымыздың мақтанышына айналған еліміздегі көрікті қала, Отанымыздың жүрегі – Астана күнімен құттықтаймыз.
Халықтың жарқын армандары мен үмітін бейнелейтін бұл бірегей қала Сарыарқаның төсінде бой көтерді. Бүгінде көпұлтты елорда Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымағын, оның болашаққа деген ұмтылысын бейнелейді.
Нұр-Сұлтан заманауи жаңа үйлермен, жасыл аймақтармен, мəдени көрікті жерлермен толығып, күннен күнге көркеюде.Шын мəнінде бұл қала – Тəуелсіздікке ие болудың арқасында мүмкін болған ең батыл ойлардың іске асуы. Астанамыздың өсіп, өркендеуі əрі оның оның жетістіктерін нығайту жолында біз бар күш-жігерімізді саламыз.
Баршаңызды бейбітшілік жəне келісімнің ошағы болған- Астана күнімен құттықтаймыз. Сіздердің отбасыларыңызға бақ-береке, еңбек бастамаларыңызда табыс тілейміз.
Тілектес ДОСАЕВ,
Қаражал қаласының əкімі.
Зəмзагүл ОСПАНОВА,
қалалық мəслихат хатшысы.